27 қаңтар 2015 | 19:53

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға 23 миллиард теңге жұмсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек пен Керей хандарға арналған ескерткіш. ©Otyrar.kz Жәнібек пен Керей хандарға арналған ескерткіш. ©Otyrar.kz

Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты шараларға 22,79 миллиардтан астам қаржы жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Әділет" жүйесінде жарияланған 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы дайындығы мен оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айтылады. Айта кетейік, тізімдегі шаралардың шығын сомасы көрсетілмеген немесе анықталмаған. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты шараларға 22,79 миллиардтан астам қаржы жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Әділет" жүйесінде жарияланған 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы дайындығы мен оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айтылады. Айта кетейік, тізімдегі шаралардың шығын сомасы көрсетілмеген немесе анықталмаған. 

Қаржының басым бөлігі Таразда өтетін мәдени және спорттық шараларға жұмсалады. Осы мақсаттарға 13,48 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалуы мүмкін. Айта кетейік, оның шығындары әлі де нақтыланады. Мәселен, бұл үшін бюджеттік сәйкес бағарламалардың қаржысы қайта бөлінуі ықтимал немесе үкімет резервіндегі ақша бөлінеді не демеушілік қаржы тартылуы мүмкін. Екінші орында "Көне Тараз" жобасы тұр (шамамен алты миллиард теңге). Қаржы археологилық зерттеулерге, ескерткіштерді қайта қалпына келтіруге, жерді тартып алуға, инфрақұрылымды дамыту мен құрылысқа жұмсалады. 

Миллиард теңгеден астам қаражат "Қазақ елі" 10 сериялы тарихи-драмалық телехикаясын шығаруға кетеді. Айта кетейік, осыған дейін телесериалдың 20 сериясы шығады делінді. Мұнымен қатар, 375 миллион теңге "Қазақ елі" анимациялық фильміне жұмсалады, тағы да 250 миллион теңге Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шығатын деректі фильмге және шамамен 106,6 миллион теңге Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын басып шығаруға жұмсалатыны белгілі болды.

Мұнымен қатар, 506,8 миллион теңге Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған көрініс қоюға жоспарланып отыр. Қойылым 2015 жылы қыркүйек айында дайын болады. Тағы да 501,8 миллион мерейтойға арналған монументті жасауға жұмсалмақ. "Ұлы көш" картинасын жасауға мол қаржы бөлінеді. Бұл мақсатқа 150 миллион теңге бөлінген. 100 миллион теңге "Тамғалы" тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының құрылысына кетеді. 

Қалған сома жүз миллион теңгелік шығын шығатын іс-шараларға жұмсалады. Атап айтқанда, 68 миллионға жуық қаржы "Керей-Жәнібек", "Қазақ елі" спектакльдері мен "Қазақ хандығы" балетінің қойылымына бөлінеді. Тағы да 20,4 миллион теңге Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру мен оқшаулау жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ. Айта кетейік, тарихшылардың мәтліметінше, Қазақ хандығы 1465 жылы құрылған. 550 жылдық мерейтой 2015 жылы тойланады деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети