Қазақ көлік және коммуникация академиясы бас лицензиясынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыдағы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиядан айырылды. Енді ЖОО білім беруді тоқтатуға міндетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиядан айырылды. Енді ЖОО білім беруді тоқтатуға міндетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қаласы) бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Шешім 10 жұмыс күні өткеннен кейін заңды күшіне енеді, кейін жоғары оқу орны білім беру саласындағы қызметін тоқтатуға міндетті болады.

"Біз Академия иелері қарсылық танытуы мүмкін екенін  түсінеміз. Олар Комитеттің шешіміне сот тәртібі бойынша шағымдануға құқылы. Біз Мемлекет басшысының сапалы білім беруді қамтамасыз етпейтін жоғары оқу орындарын жабу бойынша қойған міндеттерін іске асыруға тиіспіз. Бірінші кезекте, студенттердің сапалы қызмет алу құқықтары мен мүдделерін ескеріп жатырмыз. Оларға алаңдауға еш себептері жоқ. Білім алушылар сол қаладағы басқа жоғары оқу орындарына грантын сақтай отырып, ауыса алады, сондай-ақ ақылы негізде оқығандар үшін де оқу құны артпайды. Ауысу үшін оларға семестрдің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, біз қазірден бастап басқа ЖОО ауысуға рұқсат бердік. Сонымен қатар студенттердің оқу нәтижелері де сақталады және ауысып барған жоғары оқу орнында ескеріледі", – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

"Жыл бойы Академияда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, білім беру саласындағы өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, оқу процесі профессорлық-оқытушылық құраммен, өндірістік практика базаларымен, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұранысына толық сәйкес келмеді, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына да әсер етті. "Атамекен" ҚР ҰКП жүргізген рейтинг бойынша Академияның білім беру бағдарламаларының шамамен 60 пайыз жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігіне осы университетте "оқыған" шетелдік студенттер де жүгінген болатын. Олар оқудың ақысын төлеген, бірақ іс жүзінде Академияда "оқымаған" болып шықты. Материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында 5 мыңнан астам адам оқиды. Академияда оқу құны – білім беру бағдарламасына байланысты 427 мың теңгеден бастап 1,5 миллион теңгеге дейін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro