10 мамыр 2022 | 23:20

Қазақ көші, түрік премьеріне құрмет және миллиард долларға инвестиция. Тоқаев Ердоғанмен не талқылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу барысында не талқылағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу барысында не талқылағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең алдымен Түркия президенті, бауырым Режеп Тайып Ердоғанға мені қасиетті Анадолы жеріне мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Президент мырзаға қонақжайлығы үшін алғыс білдіремін. Біз бүгін бірқатар өте маңызды мәселелер туралы кең ауқымды келіссөздер жүргіздік. Пікір алмасу мазмұнды, мағыналы болды. Президент Ердоған білімді, аса беделді саясаткер. Оның көзқарасы кең. Сондықтан бұл кісінің пікірлері өте құнды. Түркия - біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған ел. Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Қазақстан үшін Түркиядан ешқашан ешқандай зиян болған жоқ. Тек қана жақсылықты көргенбіз. Әлі күнге дейін солай болып тұр. Қазақстан мен Түркия тамырлас, тағдырлас, достас мемлекеттер. Біздің шетелдегі алғашқы елшілігіміз Анкарада ашылған. Мұның символдық маңызы зор. Қазақстан мен Түркия арасында дипломатия орнағанына биыл 30 жыл болды. Осы кезеңде біздің ынтымақтастығымыз нығайып, стратегиялық серіктестікке айналды. Ауқымды шарттық, құқықтық негіз қалыптасты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс жаһандық және өңірлік құрылымдар аясындағы ықпалдастық ойдағыдай дамып келе жатыр", - деді Президент. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Түркия – Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтті. 

"Мен бүгін президент Ердоғанның елдеріміздің ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесіне жоғары баға бердім. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім. Алтайдан басталған қазақ көшінің қасиетті Анадолы топырағына жеткеніне биыл 70 жыл толғанын атап өткім келеді. Қандастарымызды сол кездегі Түркия премьер-министрі Андан Мендерес құшақ жая қарсы алған болатын. Жақын арада Алматы қаласындағы көшеге Түркияның осы аса көрнекті саясаткерінің есімі берілді. Түрік жұрты Қазақстанға әрдайым тілектес әрі жанашыр екенін білеміз, мұны ұдайы сезінеміз. Бүгін екіжақты кездесу нәтижесінде маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Бұл сапар саяси және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, әскери-техникалық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Әсіресе транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін толық пайдалануға екі ел де мүдделі. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі жағдайда мұның мән-маңызы айрықша. Біз қазақ-түрік ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Түрлі саладағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойдық. Бұл бауырластығымызды бекемдеп, ықпалдастығымызды нығайта түсетін маңызды қадам", - деді Тоқаев. 

Президенті Қазақстан мен Түркия Еуразия құрлығында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беретінін атап өтті. 

"Осы ретте екі ел халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз ықпалдастық орнатқан. Құрметті баспасөз өкілдері, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастың басым бағытының бірі. Түркия Қазақстанның сыртқы сауда серіктестерінің арасында алғашқы бестікке кіреді. Бүгінде өзара сауда айналымы 5 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткішті 10 миллиардға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Түркия инвесторлары Қазақстан экономикасына 4 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Қазақстан кәсіпкерлері де Түркияға бір миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда екі ел арасындағы бірлескен жобалардың саны 150-ге жетті. Оның жалпы құны – шамамен 5,5 миллиард доллар. Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін ертең Түркияның ірі бизнес өкілдерімен кездесемін. Сол жерде құны шамамен бір миллиард доллар болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылады. Үкіметаралық экономикалық комиссия сауда-экономикалық серіктестікті нығайтуға зор септігін тигізеді.

Сондай-ақ, Түркі мемлекеттері ұйымы маңызды роль атқарады. Былтыр Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі толыққанды ұйым болып қайта құрылғаны қуантарлық жайт. Бұл бәрімізге ортақ жетістік. Біз осы ұйымның аясындағы жұмысты жалғастыра беруге мүдделіміз. Сонымен қатар, білім және мәдениет саласындағы байланысты одан әрі дамытамыз деп келістік. Бұл ұйым Қазақстан үшін аса маңызды, сондықтан біз оны үнемі қолдаймыз. Жалпы Қазақстан мен Түркияның жан-жақты қарым-қатынасын нығайтуға мол мүмкіндік бар. Бүгінгі маңызды уағдаластықтар соның айқын көрінісі", - деді Президент. 

Қазақстан Президенті Түркия басшысын Қазақстанға шақырды. 

"Менің мемлекеттік сапарым Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретініне кәміл сенемін. Осы байланысты одан әрі нығайту үшін Қазақстанда жоғары деңгейде екіжақты кездесу өткізу аса маңызды. Сондықтан Түркия президенті, аса құрметті Реджеп Тайып Ердоған мырзаны біздің елге сапармен келуге шақырдым. Сол кезде Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші отырысын өткіземіз. Біз әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп, табысқа бірге жетеміз деп сенемін. Екі елдің достығы мәңгі болсын", - деді Тоқаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети