Қазақ КСР-нің бұрынғы білім министрі қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ КСР-нің бұрынғы білім министрі қайтыс болды Қажахмет Балахметұлы Балахметов

Қазақ КСР-нің бұрынғы оқу-ағарту министрі Қажахмет Балахметов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ КСР-нің бұрынғы оқу-ағарту министрі Қажахмет Балахметов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында жариялады.

"Бүгін отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өткендігі туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты.

Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан аса басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын.

Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын. Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", - деді министр.

Министр жазбаға қоса Қажахмет Балахметовпен түскен суретін де жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети