©railways.kz
2014 жылы Қазақ елі мен Қытай елі арасындағы темір жол көлігімен жүк айналымы 21,5 млн тоннаға жетуі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин мырза "2013 жылғы жүк тасымалы, 2012 жылғымен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Ал биылғы 2014 жылы Қазақстан мен Қытай мемлекеттері Достық-Алашаңқай өткелдерімен қоса Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы да жүк тасымалдауды жоспарлап отыр. Осылайша екі ел арасындағы жүк тасымалының айналымын 21,9 млн тоннаға жетпек" деді. Жалпы, екі елдің темір жол көлігімен жүк тасымалын атқарып келе жатқанына жиырма жылдан асып барады. Осы жылдар аралығында қазақ-қытай қатынасы нығайып, іскерлік байналысы артуда. 2012 жылы екі ел арасындағы жүк айналымы 16,5 млн тоннаны құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 19,5 млн тонаға ұлғайды. Ал биылғы жылы бұл межені 20 млннан асыру жоспарланып отыр.
2014 жылы Қазақ елі мен Қытай елі арасындағы темір жол көлігімен жүк айналымы 21,5 млн тоннаға жетуі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин мырза "2013 жылғы жүк тасымалы, 2012 жылғымен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Ал биылғы 2014 жылы Қазақстан мен Қытай мемлекеттері Достық-Алашаңқай өткелдерімен қоса Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы да жүк тасымалдауды жоспарлап отыр. Осылайша екі ел арасындағы жүк тасымалының айналымын 21,9 млн тоннаға жетпек" деді.
Жалпы, екі елдің темір жол көлігімен жүк тасымалын атқарып келе жатқанына жиырма жылдан асып барады. Осы жылдар аралығында қазақ-қытай қатынасы нығайып, іскерлік байналысы артуда.
2012 жылы екі ел арасындағы жүк айналымы 16,5 млн тоннаны құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 19,5 млн тонаға ұлғайды. Ал биылғы жылы бұл межені 20 млннан асыру жоспарланып отыр.