Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің "Ақтұмар" тарихи-этнографиялық музейі штаб-пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің "Ақтұмар" тарихи-этнографиялық музейі штаб-пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.
"Бұл ұлтымыздың ұлылығын ұлықтау мақсатында қолға алынып отырған игілікті іс. Сонымен қатар, қазақ халқының рухани құндылықтарын шетелде насихаттауға бағыттылған нақты қадам деп санаймыз. Бүгінде аталған қауымдастық құрамында әлемнің беделді музейлері бар", - деп атап өтті баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.
Университет музейі қызметкерлері биылғы жылдың қазан айында Түркияның Стамбұл қаласында өтетін I Еуропа және Азия Конгресіне қатысып, "Қазақстанннң әйелдер тарихын қайта жаңғырту" тақырыбындағы баяндама жасайды. Сонымен қатар, оқу орнының тарихынан сыр шертетін фото көрмені әлем жұртшылығының назарына ұсынбақ. Алдағы уақытта Халықаралық ұйыммен бірлескен жобалар да жүзеге асырылады.
Айта кетейік, бүгінде Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына дүние жүзінің 80-нен астам мәдени нысаны мүше.
"Ақтұмар" музейі 2002 жылдың қараша айында құрылды. Кешен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дәстүрлі, мәдени-рухани құндылықтар арқылы студент жастарға елінің тарихын, тілін және көп ұлтты Қазақстанның тарихын құрметтеу қасиеттерін қалыптастыру мақсатында қызмет атқарады. Музей қорында оқу орнының құрылған уақтысынан бастап сыр шертетін жәдігерлер мен сирек фотосуреттер орналасқан. Атап айтқанда, Қыздар Университетінің қалыптасуы, дамуында еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ректорлардың еңбектері, білім ордасының даңқты түлектері туралы ақпарат берілген. Сондай-ақ, музей экспозициясында қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы қазақ әйелінің рөлі көне заманнан қазіргі заманға дейін тыныс-тіршілігі көрсетілген.
Музей "Аналар ұлағаты - елге аманат", "Университет тарихы", "Әйел әлемі" этно-коллекциясы", "Әйелдер шығармашылығы" және "Әйелдердің қоғамдағы рөлі" атты бөлімдерден тұрады.
Мәдени кешенде экскурсиялар, студенттер мен түлектердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.