06 желтоқсан 2020 | 12:16

Қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы Рақыш Әмір қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы, қазақ синтаксисінің белді зерттеушісі Рақыш Әмір қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы, қазақ синтаксисінің белді зерттеушісі Рақыш Әмір қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаралы хабар. Бүгін қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы, қазақ синтаксисінің белді зерттеушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жарты ғасырдан аса уақыт қызмет еткен ардагер оқытушы, ұлағатты ұстаз, дара ғалым Рақыш Сәтұлы Әмір дүниеден өтті. Ғалымның отбасына, туған-туысқандарына, барша шәкіртіне көңіл айтамын. Ғалым-ұстаздың жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттері жадында мәңгі сақталады! Бақұл болыңыз, аңыз адам, ғылым ғұмыр!" - деп жазды тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев Facebook желісіндегі парақшасында.

Әмір Рақыш Сәтұлы 1930 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1951).

1954 – 1955 жылы мектеп мұғалімі, 1955 – 1964 жылы Қазақ КСР Ағарту министрлігінің педагогика ғылымдары иниверситетінде аға ғылыми қызметкер, хатшылық меңгерушісі, директордың орынбасары, 1965 – 1969 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінда Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 1966 – 1974 жылы декан, 1974 – 1987 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ мемлекетаралық халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ректорлық жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 1988 – 1992 жылы Қазақ КСР Білім министрлігінің педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу иниверситетінің "Қазақ тілі мен әдебиет оқыту методикасы" бөлімінің бас ғылыми қызметкері, меңгерушісі қызметтерінде болды.

1992 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі кафедрасында оқытушысы болып еңбек етті. 80-нен аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 7 монографиясы жарық көрген.

"Құрмет белгісі" орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет Грамотасымен марапатталған 5 ғылым кандидатын тәрбиелеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети