"Қазақ тілі сәнге айналып жатыр". Полилингвист Төлеу Аймағанбетовадан кеңестер

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 1154 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

2021 жыл болса да, қазақ тілін үйренудегі қиындықтар туралы пікірталас әлі де өзекті. Неге? Қазақ тілін үйренуде нені ескеру керек? Бұл сұраққа I-BALAQAI шығарылымында 50 жылдық тәжірибесі бар полилингвист, лингвокоуч, инновациялық әдістемелердің авторы Төлеу Аймағанбетова жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттан үзінді дайындады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2021 жыл болса да, қазақ тілін үйренудегі қиындықтар туралы пікірталас әлі де өзекті. Неге? Қазақ тілін үйренуде нені ескеру керек? Бұл сұраққа I-BALAQAI шығарылымында 50 жылдық тәжірибесі бар полилингвист, лингвокоуч, инновациялық әдістемелердің авторы Төлеу Аймағанбетова жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттан үзінді дайындады.

Төлеу Аймағанбетованың айтуынша, қазақ тілін үйрену трендке айналды.

"Қазақ тілі сәнге айналып жатыр. Бұл - өте жағымды, қолдайтын, жақсы үрдіс. Қазір қазақша үйрену трендке айналды, бұл, шын мәнінде, қатты қуантады. 

Біздің республикамызға биыл 30 жыл толады. Егер тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде көшеде тек орысша сөйлейтіндерді көрсек, қазір көшеде жүргенде, бұл тілдік фон өзгергенін байқайсыз. Бұл нені білдіреді? Яғни тіл дамып келеді. Адамдар оны үйреніп жатыр", - дейді спикер.

Қонақтың айтуынша, қазақ тілін меңгеру баяу жүзеге асу қаупі бар.

"Қазақ тілі небір қиын кезеңнен өткен. Егер алғашында араб тілінде жазса, кейін латынға көшті. 1949 жылы кирилше меңгере бастадық. Көп жыл өткен соң, біз латын әліпбиіне ораламыз. Бірақ біз оралмаймыз. Жаңа латын әліпбиі енгізіледі. Егер халық қазақ тіліне көшсін десек, кеңсе жұмысын мемлекеттік тілге аударғымыз келсе, ең алдымен, тілді  шын мәнінде үйретуіміз керек. Ал енді бұған латын әліпбиі араласса, қандай  абракадабра болатынын түсінесіз бе? Бұл тағы да қазақ тілін меңгеруді баяулататынын білдіреді", - деп түсіндірді ол.

Баласына тіл үйренуге көмектескісі келетін ата-аналарға тіл маманы қандай кеңес береді?

  • Баланы қазақ сыныбына беріңіз.

Төлеу Аймағанбетова атап өткендей, егер бала бірінші сыныпқа барса, бұл нәтижелі болады.

  • Оқыту тілін өзгертпеңіз.

"Бұлай жасамаңыз. Егер оған бұл тілдер қажет болса, өмірде оған осы тілдерді меңгеру қажеттігі туындаса, ол меңгереді. Өйткені ол қазірдің өзінде өмірдегі жағдаяттардан мотивация алады", - деп түсіндірді қонақ.

  • Өзіңіз үлгі көрсетіңіз.

Маман қазақ тілінде көбірек сөйлеуге, үйренуге қолайлы орта жасауға кеңес береді. 

Қонақтың айтуынша, балаларға үйрету әдістемесімен айналысу қажет.

"Тіл өздігінен дамитынын ескеруіміз керек. Ғалымдар үш жасар балада 2500, тіпті 3000 сөзден тұратын сөз қоры жиналатынын есептеді. Ол оқи да, жаза да алмайды. Сонда сөйлеуді қалай үйренді? Ол есту арқылы білді. Тыңдау арқылы. Сөйлеудің 47 пайызы тыңдауға арналған".

Төлеу Аймағанбетова балаларға арналған әдістемемен қатар, мұғалімдер біліктілігін арттыру қажет екенін де атап өтті.

"Біз тәуелсіз мемлекет болғандықтан, мемлекеттік тіліміз болуы керек, демек, бұл курстарды жүргізуге бюджеттен көп мөлшерде қаржы бөлумен шектелмеуіміз қажет. Иә, көп нәрсе жасалып жатыр: әлем әдебиеті аударылып жатыр, кітаптар шығарылып жатыр. Бірақ бұл жерде, менің ойымша, мемлекеттік тілінде оқытатын мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесі назардан тыс қалды. Белгілі бір мөлшерде мұғалімдерді заманауи әдіспен үйрету керек, оларға тереңдетілген әдіснамаларды меңгерту қажет. Содан кейін тілді үйренгісі келетін көпшілікке жіберу керек".

Эфир қонағы мұғалімнің жеке тәжірибесі тіл үйренуде маңызды фактор екенін айтты.

"Біз мұғалімдердің біліктілігін арттырғанда, екінші тілді меңгергендерді таңдап алуымыз керек, түсінесіз бе? Ол біреуге сабақ бергенде, өз тәжірибесіне сүйенеді.  Мұғалім оған мәліметті қай жолмен түсіндіру керегін жақсы біледі", - деді спикер.

Қазақ тілін орыс тілінде оқытуды алға тарту әдістемесінің ерекшелігі қандай?

"Мен орыс тілі мемлекеттік тілді енгізу құралы болуын жақтаймын. Неге? Өйткені 100 жыл бойы ел орыс тілінде сөйледі. Барлық мәліметті, білімнің барлық жиынтығын қазақ тілінде жеткізу мүмкін емес. Түсіндіру теориясын орыс тілінде беру керек, сосын оны қазақша қолдану керек" - дейді спикер.

Ақпараттық серіктес - ВКонтакте әлеуметтік желісі.

Эфир бейнежазбасын және сұхбат үзінділерін I-BALAQAI YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.

Жоба туралы толығырақ Instagram-дағы I-BALAQAI ресми парақшасынан қарай аласыздар.

Подкаст түрінде Anchor.FM , Яндекс.Музыке, сондай-ақ ВКонтакте әлеуметтік желісінен тыңдай аласыздар.

Sheraton Nur-Sultan қонақүйіне бағдарлама түсіруге жайлы орын ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю