Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының "Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деген сөзін келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты.

"Елбасы "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-сыныптан немесе 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын", - делінген Ақорда твитінде.
Қ. Тоқаев: Елбасы «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 16, 2019
Мемлекет басшысы: Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 16, 2019
Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.