Қазақ тілін 6 айда меңгеруге уәде берген алматылық Вячеслав Желі қолданушыларын тәнті етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының 32 жастағы тұрғыны Вячеслав Попов Facebook желісіндегі парақшасында бір кездері "украин және еврей бабаларын" өз жерінде қабылдаған халыққа құрмет ретінде жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйренуге уәде берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының 32 жастағы тұрғыны Вячеслав Попов Facebook желісіндегі парақшасында бір кездері "украин және еврей бабаларын" өз жерінде қабылдаған халыққа құрмет ретінде жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйренуге уәде берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Қазақ тілін білмейтініме қарсы шығамын! Декларация! Соңғы әрі қайтарымсыз түрде қазақ тілін білмеуіме қарсы шығамын! КСРО кезінде дүниеге келдім деп ақталмаймын да, интернатта, кейін мектепте нашар білім берді демеймін де... Қазақ тілін білмеуім - бұл менің жауапкершілігім! Нақтысы жауапсыздығым! Өзім үйренбедім, қаламадым, қажет демедім, қиын деп қорықтым!

Қазір өзіме және айналамдағыларға, барлық қазаққа, орысқа және Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық халыққа шын Қалауың болса әрі дәстүрді, мәдениетті халықтар достастығын құрметтесе меңгеруге болатынын дәлелдегім келеді. Қазақстан менің украин және еврей бабаларымды өз жерінде, 1927 жылы Түрксіб құрылысы кезінде қабылдап, кейін 1941-45 жылдардағы соғыста ас берген, иықтасып фашизмге қарсы шайқасқан. Бұл маған және менің отбасыма, балаларыма осы жерде тыныш әрі болашағы бар өмірді сүруге мүмкіндік берді!

Осыған және өзге де жағдайларға құрметім ретінде қазақ тілін 6 ай ішінде, қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ тілінде әдеби шығармашаларды оқитын деңгейге, терең мағынасын түсінуге уәде беремін.

Біз - ағайынбыз!

Біздің қанымыз бір!

Бір іске жұмыламыз!

Осы білімсіздікпен күресте көмектесе алар оқытушылар бар ма?", - деп жазды Вячеслав. 

Алматылықтың бұл жазбасына бір тәулік ішінде 1,8 мың лайк қойылды және 200-ден аса пікір жазылды. Қолданушылардың басым бөлігі авторды қолдап, тілге деген құрметіне тәнті болды. Ендігі қолданушылар оған қазақ тілін меңгерудің қыр-сырын айтып, кеңес беруге көшті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro