08 қараша 2022 | 11:26

Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмеуі мүмкін. Заң жобасы әзірленіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Үкіметте жаңа заң жобасы дайындалды. Онда мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үкіметте жаңа заң жобасы дайындалды. Онда мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутаттық сауалға берген жауабы бойынша Үкімет көші-қон мәселелері бойынша төрт отырыс өткізгені, оның ішінде екеуі премьер-министрдің төрағалығымен өткені белгілі болды.

"Күн сайын келетін РФ азаматтарының саны мемлекеттік шекарадан өтудің орташа әдеттігі деңгейіне оралды.

Елімізде мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін үйренгісі келетіндер үшін 40 Достық үйінде жұмыс істейтін 174 жексенбілік мектепте мемлекеттік тілді тегін үйренуге жағдай жасалған, онда мемлекеттік тілді үйренумен қатар, қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпымен таныстыру ісшаралары өткізіледі. Мигранттар мемлекеттік тілді әкімдіктер жанындағы "Тіл" оқу-әдістемелік орталықтарының базасында да үйрене алады", - делінген премьер-министр жауабында.

Үкімет басшысы "Халықтың көші-қоны туралы" Заңда көшіп келушілерге қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында ақылы бейімдеу және интеграциялық қызметтер алу құқығын беретін норма қарастырылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді", - деді премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети