Алматыда тіл білімі мамандары қазақ тіліндегі жарнамашы аталатын жаңа мамандық ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық жерлердегі қазақ тілі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында айтылды. Басқосуға қатысушылар жаңа мамандық жарнама мәтіндерінің мемлекеттк тілге дұрыс аударылмау мәселесін шешеді деп отыр.

"Мәселені шешудің жолы ретінде біз қазақ тіліндегі жарнамашы мамандығын енгізуді қарастырып отырмыз. Маман қазақ тілін ғана емес, қазақ мәдениетін де білуі керек. Ол түркітілді азаматтарға арналған жарнама жасаумен де айналысуы қажет", - деді Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова.
Оның айтуынша, қазақ тілін жоғары мәдени деңгейде меңгерген маман қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, тауарлар мен қызмет түрлері саудасын да ұлғайта алады. Фазылжанованың сөзіне қарағанда, Қазақстанда терминология комитеті жоқ, сол себепті қазір осы бағытта жұмыс жүргізу қажет.
Басқосуда Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Нұркелді Уәли филологиялық білім беруді реформалау керектігін айтты. "Мысалға, Ресейде орыс тілі филологы деген бір мамандықтың 42 тармағы бар: филолог-логопед, филолог-референт, филолог-жарнамашы, тағы басқа. Өкінішке қарай, бізде бұл мамандық кеңес жүйесі бойынша оқытылады. Қоғамда мемлекеттік тілге деген қажеттілік жоғары. Бірақ бұл қажеттілікті қанағаттандырарлық филологтардың саны өте аз", - деді ол.
Бұған дейін 2014 жылы Алматыда қазақ тіліндегі мәтінінде қатесі бар 978 билбордтың орнатылғаны хабарланған болатын. 6146 жарнама мәтіні тексеріліп, бекітілген. Мамандар қазақ тіліндегі көрнекі ақпараттарда қателердің көп болуы жарнама агенттіктерінің жұмыс істеу қағидаларына байланысты. Жарнама жасауға аудармашы-копирайтерлер қатыстырыла бермейді, оның орнына орыс тіліндегі дайын мәтінді тікелей аудара салады. Көбіне қазақ тіліне жат ұғымдардың жазылатыны содан.