Бестөбе ауылындағы алтын қазу шахтасында жұмысшылар мен күзет қызметкерлерінің қақтығысынан 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Бестөбе ауылындағы алтын қазу шахтасында жұмысшылар мен күзет қызметкерлерінің қақтығысынан 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 16 маусымда сағат 20.30-да Степногорск ІІБ кезекші бөліміне Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын ТМК" АҚ шахталарының бірінде ауысымнан шыққан жұмысшылар мен күзет қызметінің қызметкерлерінің арасында қақтығыс шыққаны жайлы хабар келіп түсті. Осы дерек бойынша жақын жердегі полиция жасағы жіберілген.
"Жергілікті атқарушы органның басшылығының, Степногорск прокуратурасының, сонымен қатар ІІБ мен облыстық ІІД-нің оқиға орнында түсіндіру жұмыстарынан кейін наразылық білдірген адамдар үйді-үйлеріне тарады. Пайда болған қақтығыс жағдайын дөңгелек үстел барысында шешу туралы шешім шығарылды. Күзетшілер мен жұмысшылардың арасындағы қақтығыстың салдарынан 10 адам зардап шекті. Осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейігі тергеу басталды. Бар мән-жайы анықталып, қақтығысқа кімдердің кінәлі екендігі белгілі болады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. ІІМ өкілдері ауылда қазіргі жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.
Алайда "Қазақалтын ТМК" АҚ қызметкері әрі оқиға куәгері Tengrinews.kz тілшісіне төбелестен кем дегенде 14 жұмысшының және бес күзет қызметкерінің жарақат алғанын хабарлады. Оның айтуынша, "Мыс-Орда" күзет компаниясы жақында ғана келіп, жұмысшылардың арасындағы алтын ұрлау деректерін анықтау болған. Ол жұмысшылар мен күзетшілердің арасындағы қақтығыстың бұрын пайда болғанын айтып отыр.