"Қазақалтын" шахтасындағы екі күзетшіге қатысты сотқа дейінгі өндіріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақалтын" шахтасындағы екі күзетшіге қатысты сотқа дейінгі өндіріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күзет агенттігінің қызметкерлері мен шахта жұмысшылары арасында болған қақтығыста тегіс ұңғылы қару қолданылған. Айта кетейік, оларда мұндай қызметтік қаруды ұстауға рұқсаты бар", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 250-бабының 2-бөлігі бойынша "Жеке күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы" сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдіктелер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болды. Қақтығыс барысында күзетшілер қарудан оқ атқан, жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Степногорск прокуроры, ІІБ басшысы, қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы болды. Айта кетейік, қақтығыстан 10 адам зардап шекті. Алайда "Қазақалтын ТМК" АҚ қызметкері әрі оқиға куәгері Tengrinews.kz тілшісіне төбелестен кем дегенде 14 жұмысшының және бес күзет қызметкерінің жарақат алғанын хабарлады. Оның айтуынша, "Мыс-Орда" күзет компаниясы жақында ғана келіп, жұмысшылардың арасындағы алтын ұрлау деректерін анықтау болған. Ол жұмысшылар мен күзетшілердің арасындағы қақтығыстың бұрын пайда болғанын айтып отыр.