Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Талғат Аманбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Талғат Аманбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талғат Аманбаев 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, Блумингтондағы Индиана университетінде "Болашақ" президенттік стипендиясы бойынша білім алған, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі (2019 жыл), "Алтын белгі" иегері.
2011-2012 жылдар аралығында "ҚазАгроҚаржы" АҚ бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдар аралығында "КАЙКО" ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
2013-2015 жылдар аралығында "RVL" РМК бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімінің басшысы, IT бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарды.
2015–2017 жылдары жеке кәсіпкерлікпен шұғылданды, "Grow IT" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
"Kazakh Tourism ҰК" АҚ құрылған күннен бастап аталған компанияда жұмыс істеді: 2017 жылы Цифрландыру департаментінің директоры, 2019 жылдан 2020 жылға дейін Маркетинг, коммуникация және цифрландыру департаментінің директоры қызметінде болды, 2020 жылдың шілдесінен бастап Қоғам басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!