Kazakhmys-та қауіпті қалдық шығып жатыр деген ақпарат тарады. Министрлік тексеріс жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kazakhmys-та қауіпті қалдық шығып жатыр деген ақпарат тарады. Министрлік тексеріс жүргізеді Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушілердің бірінде қауіпті қалдық шығып жатқаны түсірілген ролик пайда болды. Экология министрлігі видеоға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушілердің бірінде қауіпті қалдық шығып жатқаны түсірілген ролик пайда болды. Экология министрлігі видеоға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео Instagram желісіндегі "Балқаш" ақпарат агенттігінде пайда болды.

"Конвертер учаскесінен сәлем. Газ құрамындағы қауіпті заттарды ұстайтын сүзгілер жұмыс істемейтіндігінің дәлелі. Корпорация экологтары жемқор", - дейді роликтің авторы.

Бұл видео жұмыс орнында түсірілген. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНФОРМ-АГЕНТСТВО «БАЛХАШ» ©️ (@news_agency_balkhash)

Экология министрлігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бұған дейін Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Kazakhmys Smelting ЖШС-не қатысты тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде бірқатар ережебұзушылық анықталды. Видеода көрсетілген дерек бойынша біз қосымша тексерістерді бастаймыз. Содан кейін мәлімет беріледі.

Сонымен қатар, жұмыс аумағындағы еңбек жағдайлары туралы сұрақтар бар. Бұл сала денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құзыретіне кіреді. Біз бұл органдарға да хат жолдадық", - деді Э кология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети