22 қаңтар 2020 | 13:08

"Қазақмыс" бас директоры туралы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловқа "Кәсіпқорған" кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арқасына пышақ ұрған. Кейінірек кәсіподақ басшысы өзі қайтыс болды. Жарақат алған "Қазақмыстың" топ-менеджері туралы Tengrinews.kz материалында.  


Иконка комментария блок соц сети

Таяуда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловқа "Кәсіпқорған" кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арқасына пышақ ұрған. Кейінірек кәсіподақ басшысы өзі қайтыс болды. Жарақат алған "Қазақмыстың" топ-менеджері туралы Tengrinews.kz материалында.  

Амангелді Мұхамедқалиұлы Мініғұлов 1968 жылы туған. 1990 жылы Балқаш тау-кен металлургия техникумын "кенді және кенсіз кен орындарын ашық игеру" мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде "пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру" мамандығы бойынша диплом алды.

"Қазақмыс" корпорациясында" еңбек жолын 1996 жылы учаске бастығының орынбасары қызметінен бастаған. Үш жылдан кейін ол корпорацияның Батыс-Жезқазған кенішінің директоры болып тағайындалды.

2000 жылдан бастап Оңтүстік-Жезқазған кенішінің бас инженері, директоры лауазымында болды. 2009 жылы "Қазақмыс" корпорациясы компаниясының филиалы болып табылатын "Балхаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ Мініғұлов "Шығыстүстімет", "Қарағандытүстімет" және "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестіктерін басқарды.

2015 жылы ол "Қазақмыс" корпорациясы" компаниясының жобалар бойынша директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта "Қазақмыс "корпорациясы"ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас директоры.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін Амангелді Мініғұлов "Ашық тау-кен жұмыстары" бағдарламасы бойынша "МИСиС" ұлттық зерттеу технологиялық университетінде арнайы дайындықтан өтті.

Еске салайық, 21 қаңтарда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды. Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Мініғұловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.

"Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М. Мініғұлов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети