Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің бөлім бастығы Ерлан Төрегелдиев Нұр-Сұлтандағы "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өрттің алдын ала себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің бөлім бастығы Ерлан Төрегелдиев Нұр-Сұлтандағы "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өрттің алдын ала себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше, 21 қыркүйекте сағат 18.33-те 101 арнасына Тұран даңғылындағы әкімшілік ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, бірінші өрт сөндіру бригадасы келген кезде ғимараттың шатыры және сыртқы қаптауы жанып жатқаны анықталды.
Өрт дерегі бойынша материалдарды зерделеу барысында алдын ала себеп от қолданылатын жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екені анықталды. Яғни, газ оттығының көмегімен битум мембранасын қайта балқыту бойынша жұмыстар жүргізілген", - деді Төрегелдиев ОҚК онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, өрт дерегі бойынша материалдар полиция бөліміне берілген. Келтірілген залал мөлшері анықталады.
Сонымен қатар, Төрегелдиев кейінгі өрт шығу деректерінң бәріне адам факторы себеп болғанын баса айтты.
"Мен техникалық прогресс алға жылжып келе жатқанын, өмірімізді жеңілдететін жаңа техникалық құрылғылар енгізіліп жатқанын, жаңа технологиялар енгізілетінін, өрт қауіпсіздігінің мүлдем басқа көрсеткіштері бар жаңа құрылыс материалдары енгізілетінін айтқым келеді, синтетикалық, полимерлі материалдардың тұтану температурасы, тұтану, жылу сыйымдылығы мүлде басқа. Халық санының өсуіне қарай электр энергиясын тұтынушылар саны да өседі. Бұл үйде де, жұмыста да өрт қауіпсіздігі жағдайына әсер етеді. Ал егер резонанс тудырған өрттену деректерін талдайтын болсақ, онда барлық жағдайда адам факторы себеп болды деп сеніммен айта аламыз", - деп қосты Ерлан Төрегелдиев.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы әкімшілік ғимаратынан өрт шыққаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!