“Қазақмыс“ кенішінде жұмысшы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қазақмыс“ кенішінде жұмысшы қаза тапты Фото:depositphotos.com

Шығыс-Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс-Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми деректер бойынша, өндірістегі қайғылы оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, арнайы комиссия құрылған.

"Қазақмыс" компаниялар тобы Шығыс-Жезқазған кенішіндегі "Аненнская" шахтасында болған қайғылы оқиға туралы үлкен өкінішпен хабарлайды. Компания басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оның отбасына ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіліп, төлемдер жасалады, оның ішінде жерлеу шығындары да қамтылады", – делінген "Қазақмыс" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы тамызда шығыс Қазақстанда "Востокцветмет" ЖШС шахтасында төрт жұмысшы қаза тапқан болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтерлер белгісіз заттан уланып қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети