22 желтоқсан 2022 | 14:35

"Қазақмыс" компанияның бір бөлігін ресейліктерге сату туралы қауесеттерге жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/kazakhmys_official Фото:instagram.com/kazakhmys_official

Қазақмыс компаниясы компанияның бір бөлігін ресейліктерге сату туралы қауесетке қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақмыс компаниясы компанияның бір бөлігін ресейліктерге сату туралы қауесетке қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық корпорацияның ресейліктерге сатылу ықтималдығы туралы ақпарат пайда болған еді. Оған желтоқсанда Ресей Федерациясының үш азаматы корпорацияның топ-менеджерлері болды деген қауесет негіз болған: Олег Копытов "Қазақмыстың" бас директоры болып тағайындалған, Перетолчин И.В. - техникалық директор, ал Козак Е. - ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару жөніндегі директор.

"Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін арандатушылық материалдар пайда бола бастады. Бұл жағымсыз ақпараттың еш негізі жоқ және тек компания басшылығының беделін түсіруге және қазақстандық қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған. Қазақмыс компаниялар тобы әрқашан қазақстандық холдинг болды және болып қала береді", - делінген компания хабарламасында.

Кәсіпорынға шетелдік мамандарды тарту ерекше жағдайларда ғана жүргізілетіні атап өтілді.

"Мәселен, "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің бас директоры қызметіне жақында ғана тағайындалған Олег Копытов өз ісінің нағыз кәсіби маманы. Оның тау-кен саласындағы еңбек өтілі 22 жыл, ал ол біздің компанияда 2009 жылдан бері жұмыс істейді", - деді компания өкілдері.

Игорь Перетольчиннің жағдайы да осындай, оның тау-кен өнеркәсібіндегі көпжылдық тәжірибесі компанияға өндірістік процестерді жақсартуға көмектесіп келеді.

Компанияның тағы бір шетелдік маманы Евгений Козак, "Қазақмыс Холдинг" ЖШС ұйымдық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры, ол Украина азаматы.

"Таратылған жазбада Қазақстан азаматы Марина Красюкқа қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат болды. Марина Владимировна Қазақстанда туып-өскен, ол қазір еліміздің және компанияның игілігі үшін жұмыс істеп жатыр", - деп қосты "Қазақмыс" өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети