Қазақстан 12 жылға 46 миллиард теңге қарыз алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан 12 жылға 46 миллиард теңге қарыз алады Фото:depositphotos.com

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкiнен (ХҚДБ) шамамен 46 миллиард теңге көлемінде қарыз алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкiнен (ХҚДБ) шамамен 46 миллиард теңге көлемінде қарыз алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, былтырғы желтоқсанда Қазақстан мен ХҚДБ арасында республиканың инклюзивті экономикасын жедел цифрландыру жобасы аясында қарыз алу туралы келісімге қол қойылған.

"Келісімнің мақсаты – Қазақстанның шалғай және жеткіліксіз қамтылған аудандарында тұратын ауыл тұрғындарын сапалы және тұрақты кеңжолақты байланыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге бағытталған жобаны іске асыру үшін қарыз алу", – деп түсіндірді Сабильянов.

Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі депутаттан нақты қандай сома туралы сөз болып отырғанын сұрады.

"Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында 13 миллиард жапон иені мөлшерінде қарыз беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл шамамен 46 миллиард теңге", – деп жауап берді Нұртай Сабильянов.

Қарыз мерзімі – 12 жыл. Бұған дейін айтылғандай, бұл қаражат шалғайдағы ауылдарға интернет тартуға бағытталмақ.

"Инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін, халықтың ақпарат алуына, жақсы байланыс пен жылдам интернет болуына жағдай жасау үшін қажет", – деп қосты мәжілісмен.

21 мамырдағы мәлімет бойынша, жапон иенінің бағамы – 3,54 теңге.

Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) – Дүниежүзілік банктің негізгі несиелік ұйымы, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі, 1944 жылы Халықаралық валюта қорымен бірге құрылған мемлекетаралық инвестициялық институт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети