Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның мәліметінше, несиелік келісімге Астанада 2024 жылғы тамызда қол қойылған.

"Азия даму банкінен Қазақстанға 52,3 миллиард йен сомасында (167,4 миллиард теңге - еск.) беріледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 15 жыл", - деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін Қазақстанға қаражат қажет.

"Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын пысықтауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауыңызды сұраймын", - деді парламентарий әріптестеріне.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети