Сенат коронавируспен күресу және Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін Азия Даму Банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро қарыз алу туралы заң қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін мәжіліс депутаттары "Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдаған еді.
Енді бұл құжаттар Президентке қол қоюға жіберіледі.
Еске салайық, 908 миллион еуро көлеміндегі алғашқы қарызды Азия Даму Банкі беруі керек. 454 миллион еуро көлеміндегі қарыздың бір бөлігін Қазақстан 10 жыл ішінде өтеуі тиіс. Қалған 454 миллион еуро 5 жылда төленуі тиіс.
Екінші келісім Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен жасалған. Ол бойынша Қазақстан 661 миллион еуро қарыз алады. Қарыз 10 жылға беріледі.
Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor 0,5 пайыз.
Қарыз өтеу Қаржы министрлігі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!