Қазақстан 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады - министр мәлімдемесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 © REUTERS © REUTERS

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Владимир Путин халық алдында сөз сөйлеп, ынта білдірген ресейлік спортшылардың қатысатынын мәлімдеді. Мен онымен келісемін. Ол спортшылар қай ту астында шығатыны маңызды емес, мұнда еш ереже бұзу жоқ деп анық айтты. Ол спортшыларды жақтаушы, ал мен оның пікіріне қосыламын", - дейді Мұхамедиұлы. 

Министр қазақстандық спортшылардың 2018 жылғы Олимпиадада жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді түрде дайындалып жатқанын айтады. 

"Біз жақында Парламентке допингке қарсы қызмет бойынша заң жобасын ұсынамыз. Допингке теріс көзқарастамыз, әрине. Осы заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда бұл мәселе болмайды деген ойдамын", - деп атап өтті ол. 

Министр ресейлік депутаттың 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақыруына қатысты да өз ойын айтты. 

"Бұл көзқарас. Бәрінде бар. Әрбір тұлғаның айтқанына қарай берсек, дұрыс болмайды. Мемлекет ұстанымы бар. Қазір бізде 17 жолдама бар, бұл қуантады. Біздің қазіргі мақсат көбірек жолдама алып, Олимпиадада жақсы нәтиже көрсету", - деді Мұхамедиұлы. 

Еске салайық, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов БРИКС елдерінің - Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитеттеріне Ресей шеттетілген жағдайда ниеттестік ретінде 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақыған болатын. 

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығы өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro