Қазақстан 2020 жылдағы қиындықтың бәрін лайықты еңсере білді - Асқар Мамин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан 2020 жылдағы қиындықтың бәрін лайықты еңсере білді - Асқар Мамин Фото primeminister.kz сайтынан

Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл - өткен жылды қорытындылап, табалдырықтан енді аттаған жылға жоспар құруға жетелейтін шуақты мереке.

Адамдардың күнделікті өмірі мен экономикаға айтарлықтай кері әсерін тигізген 2020 жыл бүкіл әлем елімен бірге біздің еліміз үшін де қиын-қыстау кезең болды. Коронавирус пандемиясы халқымызға ғана емес, мемлекеттік билік институттары мен бизнес үшін де ауыр сынаққа айналды.

2020 жылы қазақстандықтар қауіпті індетпен бел шеше күресіп қана қоймай, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін барынша азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстан ұлттық экономикасының тұрақтылығы мен дамуының зор әлеуетін көрсете отырып, қиындықтың бәрін лайықты еңсере білді.

Биыл да алдымызда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша ауқымды істер күтіп тұр.

Өз күшімізге деген сенімділік, ынта мен жауапкершілік, алмағайып әлемдегі өзгерістер лебінен қалыс қалмау, жаңа құзыреттерді игеру, еңбексүйгіштік пен табандылық біздің ойға алған жоспарларымызды іске асырып, мақсат-мұратымызға жеткізетініне сенімдімін!

Қазақстандықтарға шын жүрегімнен мықты денсаулық, сенім мен сәттілік тілеймін! Шуақты мереке әр отбасына жылылық пен құт-береке сыйласын!", - деді үкімет басшысы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети