Қазақстан 2050 жылға қарай "суға өте мұқтаж" елдердің қатарына кіруі мүмкін - премьер министр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Премьер-министр Әлихан Смайлов Қазақстан үкіметі алдында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайлов Қазақстан үкіметі алдында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазір аса маңызды жұмыстардың бірі - елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу.

"Қазір бұл көрсеткіш қалаларда - 98 пайыз, ауылдық елді-мекендерде 94 пайызды құрап отыр. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткендей, Қазақстан 2050 жылға қарай "суға өте мұқтаж" елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Бұл ретте суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр. Ал көптеген азамат суды үнемдегісі келмейді", - деді Смайылов.

Смайылов облыс әкімдіктерімен бірге индустрия және экология министрліктеріне тапсырмалар берді. Ол биылдың соңына дейін қалалар мен ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

  • Индустрия министрлігі Экология министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, еліміздегі сумен жабдықтау инфрақұрылымына мониторинг жүргізіп, 1 ай мерзімде үкіметке апат қаупі аса жоғары объектілердің тізбесін енгізуі тиіс.
  • Суды ұтымды пайдалану мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Индустрия және Экология министрліктерімен бірлесіп, 1 ай мерзімде суға жаңа тарифтік саясатты енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізуі қажет.
  • Экология министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары созылып кеткен барлық ауыз су жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro