Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Женевада өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 135-ші Ассамблеясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Женевада өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 135-ші Ассамблеясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ортақ пікір алмасу барысында Мәжіліс Спикері "Осы жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланады. Қысқа мерзімде біздің еліміз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалардың арқасында орасан табыстарға қол жеткізді. Сонымен қатар, жалпыға бірдей сайлау құқығы кепілдігі, гендерлік теңдік және адам құқығын қорғау салаларында айтарлықтай жұмыстар атқарылды", - деді.
Мәжіліс Спикері атап өткендей, Қазақстанда адам құқығын қорғау бағытында қарқынды даму жолына түскен ұлттық жүйе қалыптасқан. Оның маңызды элементтерінің бірі - ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық заңнаманы жетілдіру жолында бірқатар маңызды реформалар қолға алынды, ол біздің еліміздің демократия үрдістері мен адам құқын қамтамасыз етуге деген шынайы бейімділігін көрсетеді. "Парламентаралық Одақ 1889 жылы құрылған. Ол әлем парламентшілерінің іс-әрекетін үйлестіру қызметіне арналған халықаралық ұйым. Парламентаралық одақ БҰҰ-да байқаушы мәртебесіне ие. Қазақстан ұйымға 1993 жылы 4 наурызда мүше болды. Қазақстан Парламентінде ПАО ұлттық топ ретінде Мәжіліс Төрағасы басқаратын Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы құрылған", - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.