Қазақстан 450 миллиард теңгеден аса қарыз алмақ: ақша қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан 450 миллиард теңгеден аса қарыз алмақ: ақша қайда жұмсалады? Фото:depositphotos.com

Қазақстан республикалық бюджет тапшылығын жабу және экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін халықаралық қарыз алады. Сенат депутаттары тиісті заңды мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан республикалық бюджет тапшылығын жабу және экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін халықаралық қарыз алады. Сенат депутаттары тиісті заңды мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қанша қарыз алынады және ол неге жұмсалады?

Қазақстан республикалық бюджет тапшылығын жабу үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз алуды жоспарлап отыр. Қарыз сомасы 92,3 миллиард жапон иенасын құрайды – бұл шамамен 277 миллиард теңге.

Қаржыны 11 жыл ішінде қайтару қажет. Алғашқы 5 жылға жеңілдікті кезең қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, қарыз бойынша пайыздар мен қосымша комиссиялар қарастырылған: біржолғы комиссия соманың 0,25 пайызын құраса, қаражаттың пайдаланылмаған бөлігіне жылына тағы 0,25 пайыз есептеледі.

Қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді Қаржы министрлігі алдағы жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырады.

"Қарыз қаражаты ағымдағы жылғы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді, осылайша мемлекеттің 2026 жылға арналған республикалық бюджет аясында қабылдаған барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді", – делінген заң жобасында.

Екінші қарыз: Қазақстанды тағы кім қаржыландырады?

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен бөлек, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де қарыз алады. Екінші қарыздың сомасы 62,4 миллиард жапон иенасын немесе шамамен 187 миллиард теңгені құрайды. Қарыз шарттары мен мақсаттары алдыңғысына ұқсас.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің түсіндіруінше, әңгіме жекелеген жаңа бағдарламаларды іске қосу туралы болып отырған жоқ. Қаржы үкіметтің қазірдің өзінде үш бағыт бойынша жүргізіп жатқан реформаларына алынады:

  • экологиялық таза және тиімді энергетиканы дамыту;
  • цифрлық қаржы нарығындағы бәсекелестікті арттыру;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және экономиканы дамыту.

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, аталған реформаларды орындау қарыз алудың негізгі шарттарының бірі саналады.

Сонымен қатар бұл қаражат, ең алдымен, 2026 жылғы республикалық бюджет тапшылығын жабуға және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реформаларды қолдауға жұмсалады.

"Шынында да, келісім үкіметтің үш бағыт бойынша жүзеге асырып жатқан реформаларымен байланысты. Дәл осы реформалардың орындалу нәтижелері қарыз қаражатын беруге негіз болады. Қарызды пайдалану мақсаттарына келетін болсақ: жоғарыда атап өтілгендей, қаражат биылғы бюджет тапшылығын жабуға, сондай-ақ үкімет реформаларын қолдауға бағытталады", – деп түсіндірді ол.

Қарыз неліктен жапон иенасымен ресімделеді?

Неліктен Қазақстан соңғы уақытта ірі халықаралық қарыздарды дәл жапон валютасымен алады? Қаржы министрі Мәди Такиев бұған дейін бұл таңдау, ең алдымен, Жапониядағы төмен пайыздық мөлшерлемелермен байланысты екенін түсіндірген. Бұдан бөлек, есептеулер кезінде теңгенің иенаға шаққандағы бағамының өзгеруі және соған байланысты валюталық тәуекелдер де ескерілген.

Ел бұған дейін қандай несиелер алды?

Қазақстан үшін бұл алғашқы қарыз емес.

2024 жылы ел Халықаралық қайта құру және даму банкінен қаражат тартқан болатын – ол кезде 84,9 миллиард жапон иенасы (шамамен 270,8 миллиард теңге) қарызға алынды. Қаражат 11 жылға алынып, бюджет тапшылығын жабуға және экономиканы қолдауға бағытталды.

Кейінірек, 2024 жылдың желтоқсанында Сенат тағы екі ірі қарызды мақұлдады – Азия даму банкінен 52,3 миллиард иена және Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 миллиард иена. Бұл қаражат та бюджет тапшылығын жабуға және мемлекеттің міндеттемелерін орындауға жұмсалды.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +22
Ақтау +22
Ақтөбе +16
Атырау +19
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +33
П
Павлодар +19
Петропавл +37
С
Семей +37
Т
Талдықорған +26
Тараз +28
Түркістан +18
О
Орал +34
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер