30 сәуір 2015 10:48

Қазақстан ардагерлері ТМД-ға тегін қатынайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстан ардагерлері ТМД-ға тегін қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан ардагерлері ТМД-ға тегін қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай 2015 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында дәстүрлі тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынады. Мерекелік шара аясында майдангерлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінің барлық санаттары мен бағыттарында (баратын елді мекенге дейін және кері қарай) тегін жүре алады.

"Ардагерлер қала маңы пойыздарымен қатар "Тұлпар-Тальго" пойыздарының "Турист" вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді. ТМД елдеріне сапарлау үшін билеттер ҚР аумағында орналасқан темір жол кассаларында рәсімделеді. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл туралы қосымша ақпаратты "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін "105" анықтама телефонынан алуға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети