Қазақстан армиясында жаңа бөлім құрылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан армиясында жаңа бөлім құрылды Midjourney

Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу және дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу және дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементіне айналады.

"Бөлімшенің негізгі міндеттері – ауқымды деректерді талдау үшін ЖИ-шешімдерді әзірлеу және енгізу, басқаруды автоматтандыру, операциялық сценарийлерді модельдеу және қазіргі әскери жағдайларда басқарушылық шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыру", – делінген хабарламада.

Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары, жетекші университеттер және салалық IT-компаниялармен ынтымақтаспақ. Бұл тек озық әзірлемелерді қорғаныс саласына енгізуге ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллектіні әскери қолданудың ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"ЖИ енгізу жөніндегі бөлімше құру кадрлық әлеуетті дамытуға да бағытталған: заманауи алгоритмдер мен жүйелермен жұмыс істей алатын офицер-аналитиктер мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарланған", – деп қосты ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети