31 наурыз 2018 20:52

"Қазақстан аруы-2018" анықталды

© Тұрар Қазанғапов

Атыраулық 16 жастағы Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық 16 жастағы Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Байқаудың жеңімпазы ақшалай сыйлыққа, көптеген жарнамалық келісімшартқа және "Әлем аруы-2018" байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл байқаудың финалы жылда Жаңа жыл мерекесінде болатын, биыл бірінші рет Наурыз кезінде өтті.

Финалға бес ару шықты: 18 жастағы алматылық Сабина Әзімбаева, атыраулық 16 жастағы Альфия Ерсайын, астаналық 19 жастағы Маймуна Күлкешова, қарағандылық 19 жастағы Екатерина Дворецкая және семейлік 17 жастағы Динара Баймұратова.

Шараны тележүргізуші Динара Сатжан мен шоумен Арнұр Ыстыбаев жүргізді.

© Тұрар Қазанғапов

Финалға шыққан бес аруды қазылар алқасы таңдаса, еліміздің номері бірінші аруын қазақстандықтар онлайн және SMS-дауыс беру арқылы таңдады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, SMS-дауыс беруден және "Қазақстан Аруы-2018" финалының билетінен түскен қаржы Астанадағы қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram