Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанның авиация зауытымен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бұл туралы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен пен Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановтың кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең спектрі мен екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. "Біз Қазан авиациялық зауытымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Бұған дейін аталған кәсіпорыннан десанттық-көліктік Ми-17В5 тікұшақтарын сатып алған едік. Қазір осы тікұшақтарды техникалық сүйемелдеу қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан авиация саласындағы техникалық әлеуетті дамыту шеңберінде авиатехникаға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін авиациялық-техникалық орталықтың құрылысын бастады", – деді министр Иманғали Тасмағамбетов.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан әскерін әртүрлі модификациядағы "КамАЗ" автокөліктерімен жарақтандыруға арналған ұзақ мерзімді жоспары бар. Қазақстандық кәсіпорындар жекелеген тораптар мен агрегаттар өндірісін игеруді жоспарлап отыр. Бұл өнімдер кейіннен "КамАЗ" ашық акционерлік қоғамының құрастыру зауыттарына жеткізілетін болады. "Кездесу Қазақстан мен Татарстан кәсіпорындарының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін толық зерделеуге, сондай-ақ ары қарайғы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.