07 желтоқсан 2016 | 10:47

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтарының кезекті партиясы келіп түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының авиациялық базасында Ми-171Ш көлік-жауынгерлік тікұшақтарының кезекті партиясын салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының авиациялық базасында Ми-171Ш көлік-жауынгерлік тікұшақтарының кезекті партиясын салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘӘК-нің ардагерлері қатысты. "Бүгін бөлім тарихындағы атаулы күн. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біз су жаңа тікұшақтарды алғанымызға қуаныштымыз және мақтаныш сезімдеміз. Авиациялық базаның барлық жеке құрамы атынан ұшу және инженерлік-техникалық құрам жаңа авиациялық техниканы сауатты әрі құнттап пайдаланады деп сеніммен айта аламын", - деді авиациялық базаның командирі полковник Марал Кәрімов.

Тікұшақтар бұдан бұрын қазақстандық тарап пен "Ресей тікұшақтары" холдингі арасында жасалған келісімшартқа сәйкес келді. Бұдан бұрын авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құрамы өндіруші зауытта ұшудың қайта дайындығынан өткен болатын. Ми-171Ш Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификацияларының бірінен құралған. Тікұшақтың жоғары ұшу техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік деңгейі бар. Заманауи қондырғымен және жаңа үлгідегі жүйелермен жабдықталған. Пайдалануда және қызмет көрсетуде қарапайым, Цельсия бойынша -50-ден +50 градусқа дейінгі температура мен жағдайдың кең диапазонында қолдану мүмкіндігіне, беріктілікке және көп функционалдылыққа ие.

Десанттық-көліктік тапсырмаларды орындаудан басқа тікұшақтың аталмыш үлгісі құрлықтағы бөлімшелерді ұстап тұру, яғни, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген атыс нүктелері мен өзге де жылжымалы және жылжымайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу үшін арналған. Бұл тікұшақтардың екінші партиясы екенін айта кеткен жөн. Ми-171Ш тікұшағының алғашқы буыны Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылдың желтоқсан айында келіп түскен болатын.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети