Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов Нұр-Сұлтанда таксист болып жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов Нұр-Сұлтанда таксист болып жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Жандарбек Жанұзақов қызметін асыра пайдаланғаны үшін салынған 30 миллион теңге айыппұлды осылай төлемек. Экс-адмирал 5 жылға бас бостандығы шектеліп, барлық атақ-даңқынан айырылған болатын. Бүгінде ол адвокатымен апелляциялық алқаның шешіміне қарсылық білдіруге тырысып жатыр.
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған ол кінәсіз екенін айтады. Әзірше Жоғарғы сот кассациялық шағымды қарастырып жатыр, бір кездері Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы болған ол адамдарды тасып күн көріп жатыр. Себебі ол сотталғаны үшін басқа жұмысқа қабылдана алмайды.
"Жолаушыларыммен әңгіме-дүкен құрғаннан кетәрі емеспін. Әңгімелескенде бұрынғы әскери мансабым жайлы да жасырмаймын. Көбі вице-адмирал екенімді естіп, көлігіме қарап және такси қызметімен күнелтіп жүргеніме аң-таң болады. Не деймін оларға, отбасымды асыраудың басқа амалы болмаған соң, осы шаруаға иек артып отырмын. Әрине, мына жағдайыма өкпелеп қалатыным бар. Неге десеңіз нақақтан-нақақ күйіп кеттім", - дейді Жанұзақов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!