Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күнін тойлап жатыр. Астана 17-ге толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күнін тойлап жатыр. Астана 17-ге толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді, ол кезде Ақмола деп аталған. Мұнда йшешімді Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған еді. Сонымен қатар, бұл күн Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді, елбасы 75 жасқа толып отыр.
Қазақстанда елорда күніне арналған іс-шаралар маусым айының соңынан басталған еді. Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнін тойлауды ресми түрде бастап берген болатын. Елбасы Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, курсанттарға офицерлерлік погон табыстады. Биыл Астана 17-ші рет туған күнін тойлап отыр.
Биыл Астананың туған күніне арналған 70-ке таяу іс-шара жоспарланған, олардың басым бөлігі қаланың ашық алаңында өтеді. Мысалы, 5 шіддеде Есіл өзенінде "Нұрлы Есіл" мультимедиалық лазерлі-пиротехникалық шоу өтті. Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда осымен бірнеше жылдан бері хореографиялық қойылымдар өтіп келеді. Таяуда және бүгін қала тұрғындары мен қонақтар өнер шедеврлерінен ләззат алу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан кейін көрермендер лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады. Астана күніне арналған тойлау шаралары 6 шілдеде қаланың үшін жерінде атылатын отшашумен аяқталады - Есіл өзенінің жағалауы, "Хан Шатыр" Сауда және ойын-сауық орталығы және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзар.