Tengrinews.kz редакциясы елорда күніне орай Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған ең қызықты іс-шаралардың кестесін дайындады.
Tengrinews.kz редакциясы елорда күніне орай Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған ең қызықты іс-шаралардың кестесін дайындады.
Қазақстан 6 шілдеде Астана күнін тойлап жатыр Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Осылайша, 2016 жылы Қазақстанның елордасы 18 жылдығы тойланады.
Сағат таңғы 10.00-ден бастап "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда "Арқайым - күннің қаласы" 3D интерактивті ойын-сауық қалашығы жұмысын бастайды. Мұнда қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен астаналықтар мен қала тұрғындары өткеніміздегі және болашақтағы атмосфераны сезінеді.
Қалашық төрт аймақтан тұрады. Бірінші сферада "Ұлы дала жетістіктері" мультимедиялық галереясы орналасқан, онда Тас дәуірінен 17-19 ғасырларға дейінгі даму эволюциясы көрсетілген. Ата-бабаларымыз қолдан жасаған күнделікті тұрмыстағы заттар, зергерлік бұйымдар, әшекейлер ұсынылған.
Сағат 10.00-де суретшілердің халықаралық биенналесінің жабылу салтанаты өтеді, ол "Нұржол" гүлзарында өтеді. Сонымен қатар, 10.00-де қала алаңында әкімдік ғимаратының алдында музыкалық мектеп оқушыларының "Сәлем, Астана" концерті өтеді.
Сағат 11.00-де қала тұрғындары мен қонақтары Astana Art Fest 2016 фестиваліне бара алады. Оның ашылу салтанаты 4 шілдеде өткен болатын. Қазіргі заманғы өнер туындыларын тамашалау үшін Нұржол желегіне жүздеген қала тұрғыны жиналды. Елорда күніне орайластырылған фестиваль екінші рет өткізіліп отыр. Сулы-жасыл желекте алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің "Адам энергиясы" тақырыбын жеткізетін алаң жасалды.
Сағат 11.00-де Республика даңғылы бойынша "Астана Самалы" үрмелі аспаптар оркестрлерінің шеруі болады. Аталған фестиваль жетінші рет өткізіліп жатыр. Жыл сайын үрмелі аспаптар музыкасының тыңдармандары «Бәйтерек» монументінің алдына жиналады. Парад-концерт шілденің 6-сы күні Республика даңғылында өтеді. Шеру Әскери-тарихи музейден басталып, "Жастар" сарайының жанында аяқталады. Қала тұрғындары Астана қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрлерінің, Төменгі Тагилден келген "Тагил-BEND" және ресейлік муниципалды орынборлық оркестрінің өнерін тамашалады. Storici Sbandieratori delle Contrade di Cori фольклорлық тобы мерекеге арнайы шақырылды.
11.00-де "Көктал" тұрғын үй алабы, "Железнодорожный" тұрғын үй алабы, "Мичурино" тұрғын үй алабы, "Ильинка" тұрғын үй алабы, "Өндіріс" тұрғын үй алабы, "Пригородный" тұрғын үй алабы, "Сарыарқы" аудынның тұрғын алаптарында автокараван жүреді.
Осы уақытта Орталық саябақта "Шаттық" балалар шығармашылық фестивальі өтеді. Сарайшық көшесіндегі көпірдің жанында Есіл өзенінің жағалауында "Астана аспаны" батпырауықтар фестивалі өтеді.
"Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана" фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын көшпелілер өркениетімен таныстырады. Бұл фестиваль 3 шілдеде ашылған. Таңғы 11.00-ден 22.30-ға дейін қонақтар мұнда өткен заманда киген киімдерді, декорацияларды, қолөнер шеберлерін және шабандоздарды көре алады. Көшпелілер өркениетінің орталығы "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығына қарсы алаңда орналасқан және 6 шілдеге дейін ашық болады. Шара барысында келушілер назарына дәстүрлі музыка концерті мен ақындар айтысы, "Ат жалында" атты спорттық шоу, "Алтын сақа" жарысы, "Фольклордағы өмір" этношоуы, көшпелілер циркі ұсынылады, сондай-ақ, кереуен сарай мен халықтық қолданбалы өнер жәрмеңкесін, музыкалық аспаптар көрмесін және т.б. аралауға болады.
Сонымен қатар, 11.00-ден бастап Елордалық "Жерұйық" паркінде "Қымызмұрындық" этнографиялық фестивалі жалғасын табады. Ұлттық нақышта безендірілген алты киіз үйде шілденің 6-нда сағат 10-нан 20-ға дейін астаналықтар мен қала қонақтары ұлттық тағамдардан дәм тата алады. Мұнда келушілерге құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат және қымыз ұсынылады. Сондай-ақ, шеберлік сыныптарына қатысып, қымыз дайындау мен оны сақтау жолдарымен, ұлттық қуыршақтар, тоқу және тігу туралы дәрістер тыңдауға болады.
Түс кезінде елордада "Биле, Астана!" фестивалі өтеді. Барша мемлекеттен 70 астам хореографиялық ұжым Астанада бағын сынауда. Ал қала алаңында сағат 13.00-де аспаздардың фестивалі басталады. Бүгін мұнда даяшылар, бармендер мен аспазшылар өзара сайысқа түседі. Ал 14.00-де "Жастар" сарайының маңында каракоке-фестиваль өтеді.
Астананың туған күнінде шілденің 6-сы күні сағат 15.00-де Конгресс-холл сахнасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Бағаналы ордам - басты ордам" ақындар айтысы өтеді. Еліміздің ең мықты суырып салма ақындары өзара сынға түседі. Сахна төрінде осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарған, көпшілікке кеңінен танымал 12 ақын өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар және басқалары. Ал қала циркінің ғимаратында "Азия жаңғырығы" цирк өнерінің халықаралық фестивалі басталады.
6 шілде - "Қазақстан" спорт сарайында өтетін "Снежный король" мұз шоуының қорытынды күні. Мұз айдынына Евгений Плющенко, Ирина Слуцкая, Бриан Жубер, Томаш Вернер, Фиона Залдуа және Дмитрий Суханов, сондай-ақ Сергей Якименко мен Ирина Усенко, Екатерина мен Александр Честнылар шығады. Мұз шоуы 16.00 мен 20.00 аралығында өтеді.
16.30-да әкімдік ғимаратының алдында халық аспаптары оркестрлерінің "Серпер" музыкалық фестивалі өтеді. 300 музыкант бір оркестрдің құрамында өнер көрсетеді. "Көңіл ашар", "Балбырауын", "Сарыарқа", "Адай", "Ата толғауы", "Махамбет", "Көроғлы", "Серпер", "Дайрабай", "Әсем қоңыр" күйлері ойналады.
Қонақтар кешкі уақытта музыка индустриясының үздіктерінің қатысуымен өтетін "Астана Арқау" түркі музыкасының фестивалін көре алады. Ал кешкі 19.00-де "Алау" мұз шоуында "Ұлытау ұлы" концерт өтеді. Онда қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді - Музарт тобы, Төреғали Төреәлі, Тұрсынбек Қабатов.
Осы уақытта қала алаңында көше билерінен Street Dance Session-2016 халықаралық фестивалі өтеді. Қалалық алаңда 700 биші өзара шеберлік байқасады.
Ал Бейбітшілік және келісім сарайында Broadway band мюзиклі өтеді. Америкалық және елордалық 80 әртіс ашық аспан астындағы сахнада Бродвейлік мюзиклден үзінділер орындайды. "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңдағы кешкі қойылым Елорда күніне және Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына орайластырылған. Аталған туындыны хореограф Пол Эмерсон бастаған үздік американдық би ұжымы орындайды. Шетелдік меймандардың ішінде Амикаэла Гастон, Фрэнк Мартин, Гейвин Стюарт, Ванесса Оуэн, Катрин Пилкингтон және т.б. бар.
20.00-де елорданың бірден төрт саябағында эстрада жұлдыздарының "Қайырлы кеш, Астана!" концерті өтеді ("Студенттер саябағы", "Жерұйық", Елорда саябағы, "Арай").
Сонымен қатар, астаналықтар мен қонақтар Есіл өзенінің жағалауынан Елорда күнінің құрметіне іске қосылған субұрқақты тамашалай алады.
Ал соңында сағат 23.00-де қаланың төрт жерінде "Хан Шатыр" сауда орталығы, Есіл өзенінің жағалауы, Есіл өзенінінің жағалауы (Ақбұлақ ықшамауданы), Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы "Жас Батыр" спорт-сауықтыру кешенінің маңында мерекелік отшашу болады. Ең үлкен отшашу Есіл өзенінің жағалауындағысы.