Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел астанасын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгерту туралы Жарлығы дүйсенбі, 19 қыркүйекте ресми "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев сенбі, 17 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы деп қайта атау туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтінінде оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілгені атап өтілген.

Сонымен қатар, дүйсенбі күні ресми баспасөзде 17 қыркүйекте Тоқаев қол қойған және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жарияланды. Түзетулердің бірінде Қазақстанның астанасы Астана қаласы болғаны да бекітілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети