Қазақстан астық экспортын ұлғайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан астық экспортын ұлғайтады Фото:depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді дақылдар экспортын 12 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді дақылдар экспортын 12 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, негізгі экспорттық нарықтар Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан, Италия және басқа да мемлекеттер болады.

"Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Ирак, Солтүстік Африка және ЕО елдеріне Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы 2 миллион тоннаға дейін астық тасымалдау мәселесі қарастырылып жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жыл сайын Қазақстан 8-9 миллион тонна дәнді дақыл экспорттайтыны, оның ішінде 6,5-7,5 миллион тоннасы бидай екені нақтыланған. Экспорт географиясы 40-тан астам елді қамтиды.

"Дәстүрлі нарықтарға Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис жатады. Биылғы қарашаның аяғына дейін 6,3 миллион тонна астық экспортталды. Жаңа өнім экспорты 2,37 миллион тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға артық", – делінген ақпаратта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети