Қазақстан әуе қауіпсіздігі бойынша рейтингте жоғарылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан әуе қауіпсіздігі бойынша рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан әуе қауіпсіздігі бойынша рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) 2014 жылғы маусымдағы ұшу жарамдылығына қатысты ескертулері алынып тасталды. Осылайша, ҚР ИДМ Азаматттық авиация комитеті қызметінің ИКАО стандартына сәйкестілігі 47-ден 65 пайызға өсті.

"Жалпы әлемдік орташа көрсеткіш - 60 пайыз. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Ендігі мақсат 2020 жылға дейін 80 пайызға дейін жеткізу", - деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Оның айтуынша, ИКАО-ның техникалық ынтымақтастық бюросының сарапшыларымен бірге барлық әуекомпаниясын қайта сертификаттау жүргізілді. 2009 жылы қазақстандық әуекомпаниялардың саны 70 болса, 2014 жылы 45-ке дейін қысқарды. "Тәжірибе алмасу мақсатында Түркия, Францияның авиация басшылығымен ұшу мерзімін қолдау бойынша бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды", - деді ол.

Айта кетейік, барлық кемшілік жойылғандықтан "Эйр Астана" АҚ-на Еуропалық одақ елдеріне ұшуға қойылған шектеу 2014 жылы алынып тасталды. Азаматтық авиация комитеті ИКАО-ның сенімділікті тексеру миссиясын өткізуге дайын екені туралы хат жіберді.

Министрлік еліміздегі республикалық және облыстық маңызы бар 18 әуежайдың 13-інің, яғни Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Астана, Ақтау, Алматы, Карағанды, Шымкент, Жезқазған, Тараз, Талдықорған, Көкшетау әуежайларының ұшып-қону жолақтарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. "Ал Семей, Қостанай, Өскемен қалаларындағы әуежайлардың ұшып-қону жолақтарын 2020 жылға дейін қайта жөндеу көзделіп отыр", - деді Бекен Сейдахметов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer