Қазақстан әуежайларында карантин жеңілдейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан әуежайларында карантин жеңілдейді © Тұрар Қазанғапов

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ішкі әуе қатынастарында санитарлық-карантиндік талаптар жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ішкі әуе қатынастарында санитарлық-карантиндік талаптар жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін ішкі авиарейстердің қайта ашылуына байланысты әуе көлігіндегі коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, талаптарды жеңілдету кезең-кезеңмен қайта қаралатыны айтылған.

Шектеу шараларын сақтау бойынша жүргізілген мониторинг енгізілген карантиндік талаптарды жолаушылар да, әуежай ғимаратында және бортта қызметкерлердің өзі де қатаң сақтайтынын көрсеткен. 

"25 мамырдан бастап әуежай ғимаратына "шығарып салушыларды жібермеу" талабы алынып тасталады, қалған санитарлық-карантиндік талаптар, әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, күшейтілген дезинфекция және басқаларды орындалуы тиіс", - деп мәлімдеді Байғабылов.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі ғимаратқа кіретін әрбір адамға байланыссыз термометрия жүргізеді, сондай-ақ бәрінде маска болуы шарт.

Қатаң санитарлық-карантиндік шараларды сақай отырып, әуежай терминалында қоғамдық тамақтандыру және сауда орындары жұмыс істейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети