Қазақстан Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Қазақстан Ауғанстандағы жағдай қалай өрбитінін мұқият қадағалайды және барлық тарапты ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ауғанстандағы жағдай қалай өрбитінін мұқият қадағалайды және барлық тарапты ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың өрбуін мұқият қадағалап отыр.

"Елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек. Қазақстан барлық тарапты ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің инклюзив және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз", - делінген СІМ хабарламасында.

Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс екені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен кезде Ауғанстандағы жағдайды талқылаған болатын. Министрлер "Талибан" қозғалысының (Қазақстан аумағында Талибан қозғалысына тыйым салынған) алғашқы мәлімдемелері мен әрекеттері барлық ішкі ауған мәселесін келіссөз әдісі, саяси процес көмегімен шешуге мүмкіндік береді деген ортақ пікір білдірді. Кабулдағы шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығы да айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети