Қазақстан Ауғанстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ауғанстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жіберді Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ауғанстан халқына жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтілді.

"Мемлекеттік материалдық резервтен қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар, төсек-жабдықтар, шатырлар және өзге де бірінші кезектегі қажетті заттар бөлінді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін медициналық қызметкерлер тобын жасақтап жөнелтті", - деліәнген хабарлмада.

Гуманитарлық жүктің құрамына жалпы салмағы 18 тонна болатын 34 атау енгізілген. Жүк Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұшағымен жеткізіліп, гуманитарлық көмек бүгін ауған тарапына табысталады.

"ТЖМ әскери бөлімінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері тиеу және түсіру жұмыстарын жүргізіп, жүктің жедел дайындалуы мен жөнелтілуін қамтамасыз етті. Гуманитарлық көмек "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети