Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінен

Алматыға Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы мінген ұшақ сәтті қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы мінген ұшақ сәтті қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 18 тамызда, бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, осы бортпен қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы эвакуацияланған. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети