16 тамыз 2021 16:50

Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда оқитын ауған студенттеріне виза бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда оқитын ауған студенттеріне виза бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында елдің білім беру мекемелерінде 102 ауған студенті білім алып жатыр. Білім және ғылым министрлігі олардың бәрі демалыс кезінде Ауғанстанға қайтқанын мәлім етті.

"Қазақстандық тарап меморандум бойынша грант алған ауған азаматтарына виза бойынша қолдау көрсетуге дайын. Елге оралғаннан кейін олар гранттар мен шәкіртақыларды сақтай отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады", - делінген министрлік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда елшілік қызметкерлерінен басқа Қазақстан азаматтары қалмағанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан 70 мың босқынды қабылдауға дайын екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram