16 тамыз 2021 10:34

Ауғанстанда дипломаттардан басқа қазақстандықтар жоқ - СІМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ауғанстанда дипломаттардан басқа Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауғанстанда дипломаттардан басқа Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент мәліметінше, Ауғанстанда Қазақстан азаматтары жоқ, бәрі қазірдің өзінде елден кеткен.

Бұл ретте Қазақстан Елшілігі Кабулда жұмысын жалғастырып жатыр. Елші мен қызметкерлер елде қалады.

Айта кетейік, "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Талибан қозғалысына Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети