16 тамыз 2021 07:41

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қай елге ұшып кеткені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Отставкасынан кейін елден ұшып кеткен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани әйелі Рула және екі кеңесшімен бірге Өзбекстанға барыпты. Бұл туралы New York Times газеті анықтапты, басылым дереккөзі Дохадағы келіссөздерде Ауған делегациясының аты аталмаған мүшесі екені белгілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Отставкасынан кейін елден ұшып кеткен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани әйелі Рула және екі кеңесшімен бірге Өзбекстанға барыпты. Бұл туралы New York Times газеті анықтапты, басылым дереккөзі Дохадағы келіссөздерде Ауған делегациясының аты аталмаған мүшесі екені белгілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, шенеунік президенттің қайда екенін айтқандықтан шенеунік өз аты-жөнін құпия сақтауды ұйғарыпты.

РИА Новости мәліметінше, Ашраф Ғанидың жеке күзетшісі Катардың АL-Jazeera телеарнасына экс-президент Ташкентке ұшып кеткенін растаған.

"Ғани әйелі, кеңсесінің директоры және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ташкентке ұшып кетті", - деп келтіреді басылым президенттің жеке күзетшісінің сөзін.

Ал Facebook желісіндегі парақшасында Ашраф Ғани қантөгістің алдын алу үшін өкілеттігінен бас тартқанын мәлімдеп, жазба жариялапты.

"Талибандар" мені тағымнан кетіру үшін түгелдей Кабулға шабуыл жасауға дайын екенін ұқтырды. Қантөгістің алдын алу үшін мен кетуді ұйғардым", - деп жазды Ғани.

Оның айтуынша, тәліптер ауған халқының "мүлкі мен қауіпсіздігіне" жауапты.

"Талибан" сотта қарумен жеңді, енді отандастарының абыройы, мүлкі және қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алды. Бірақ жүректерді жаулап ала алмады. Тарихта ешқашан жабайы күш ешкімге заңдылық берген емес, бермейді де. Қазір жаңа тарихи сынақтан өтуіміз керек: олар Ауғанстан халқының абыройын төкпейді, не басқа жерлер мен желілерге назарын бұрады", - деп жазды Ғани. Ол "өз халқына қызметін жалғастыратынын" айтты. 

Бұған дейін Желіде Ауғанстан президенті елден кеткені түсірілген видео жарияланған. Оның қасында оққағарлары болған.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Содырлар Үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети