Қазақстанға Ресей Федерациясы аумағынан үйірлі шегірткелер жаппай келіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстанға Ресей Федерациясы аумағынан үйірлі шегірткелер жаппай келіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап.
"Италия шегірткесі" аталатын зиянкес маусым айының соңы мен шілде айының басында Ресейдің Орынбор облысының Светлинский, Ясенский, Домбар аудандарынан Ақтөбенің Әйтеке би ауданына және Қостанай облысының Қамысты ауданына жаппай ауып келген. Сонымен қоса, Челябі облысынан Қазақстанға шегірткетектес зиянкестердің өту дерегі тіркеліп отыр.
Үйірлі шегірткелердің таралуына жол бермес үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі химиялық өңдеу жүргізуге 440 мың гектарға қосымша препарат бөлді, оның 400 гектары - Қостанай облысына, 40 мың гектары - Ақтөбе облысына тиесілі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Ресей Қазақстанмен шекаралас аудандарында шегірткетектес зиянкестерге қарсы химиялық шараларды төмен деңгейде ұйымдастырып отырғанға ұқсайды. Ал кейбір аудандарда мүлдем жүргізілмей отыр.
"Егер ресейліктер химиялық өңдеулерді одан әрі кешеуілдетсе, бұл шегірткелердің Қазақстан аумағына қайтадан ұшып келуіне әкем соғуы мүмкін және ауыл шаруашылығы дақылдары мен алқаптарына елеулі зиян келтіреді", - дейді Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
Қазіргі уақытта республика бойынша 12,4 млн га алаң тексеріліп, оның жоспарланған 4 млн-ының 3,8 мың гектары ғана өңделді. Марокко шегірткесіне қарсы өңдеулер толық аяқталды, қазір Азия шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстарын аяқтау көзделіп отыр.
Қазақстан мен Ресей арасында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Осыған ұқсас келісімдер еліміз бен Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасының салалық министрліктері арасында да жасалған.