Қазақстан аумағында 5-7 желтоқсан күндері қатты жел мен қардың жаууы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстан аумағында 5-7 желтоқсан күндері қатты жел мен қардың жаууы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Каспий теңізінің оңтүстігінде пайда болған циклон Қазақстан аумағында үлкен жылдамдықпен таралады. Осының салдарынан республиканың солтүстік аудандарында қар жауып, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады. Сонымен қатар, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Температура төмендейді, дегенмен нормадан 2-5 градусқа жоғары болады", - деді синоптиктер.