Қазақстан Аустралия мен Канаданың экономикасынан үлгі алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сілтеме жасап.
Қазақстан Аустралия мен Канаданың экономикасынан үлгі алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сілтеме жасап.
Инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатына өту туралы шешімге қатысты пікір білдіре отырып, Мәсімов былай деді:
"Әрине, бұл біз үшін жаңа процесс, яғни еркін ауытқу бағамына біз бірінші рет өтіп отырмыз, мұндай тәжірибеміз жоқ. Бірақ біз аса ыждаһаттылықпен зерттедік, көп уақыт бойы дайындалдық, бұл процеске жақындадық, өзге елдердің тәжірибесін қарадық, экономикасының құрылымы жағынан ұқсас елдердің бағытына қарадық".
"Меніңше, біздің экономикамызды есепке алғанда және әлемдік нарықтағы жағдайды есепке алғанда біз үшін Аустралия мен Канада дұрыс бағыт. Сондықтан экономикасының құрылымы жағынан өзіміздің экономикалық құрылымымызды осы екі елдің бағытына қарай бұрамыз. Олар бізге ұқсас, олар дамудың жоғары деңгейінде және біз өз саясатымызды осы елдердің тәжірибесінің негізінде құрамыз", - деді премьер-министр.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның ұстанған ұзақмерзімді трендінің ұзаққа созылатынын айтты. "Яғни, бұл бір жылдық оқиға емес, алдағы 5-7 жылға. Сондықтан біз бұған көп уақыт дайындалдық, бұл біз айтып отырған құрылымдық реформалар кешенінің құрам бөлігі. Барлығы дайын болсын - шұғыл мәселелерге Сағынтаев (Бақытжан Сағынтаев - премьер-министрдің бірінші орынбасары - Авт.), әлеуметтік мәселелерге Сапарбаев (Бердібек Сапарбаев - премьер-министрдің орынбасары - Авт.), барлық бағам мәселелеріне Келімбетов (Қайрат Келімбетов - Ұлттық банк төрағасы - Авт.) жауапты", - деді Мәсімов.