Қазақстан ауылдарында нәресте өлімі көбейген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ауылдарында нәресте өлімі көбейген Фото:elements.envato.com

Ауылдық жерлерде нәресте өлімі көбейген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауылдық жерлерде нәресте өлімі көбейген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алты ай қорытындысы бойынша, ауылдардағы ана өлімі қалаға қарағанда екі есе төмен. Биыл ауылдық жерлерде сәби өлімі көрсеткіші былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 30,6 пайызға артқаны байқалады. 2022 жылдың жеті айында бұл көрсеткіш 6,09 пайыз болды, ал 2021 жылдың жеті айында ол 4,66 пайыз болған. Бұл ретте ауылдағы балалар өлімі көрсеткіші қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмен", - деді Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бала өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты.

Оның айтуынша, әйелдердің денсаулығын сақтау және балалар денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және аралық босанғанға дейінгі бақылау күшейтілген, осылайша Ғинияттың айтуынша, бұл көрсеткіш 82 пайыз болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети